«Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетов қызметінен кетті
«Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетов қызметінен кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Онда команда басшылығы Ринат Алюетовтің рақметін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тілеген.
34-жастағы қазақстандық маман елордалық командаға 2022 жылдың мамыр айынан бастап жетекшілік жасады.
2023 жылғы футбол маусымының қорытындысымен бірінші лигада алғашқы үштікке іліккен семелік «Елімай», түркістандық «Тұран» және астаналық «Жеңіс» Премьер-лигаға жолдама алды.
«Жеңіс» футбол клубы 1964 жылы құрылған. 2000, 2001, 2006 жылдарда ел чемпионы атанды. 2008 жылдан бері Премьер-лигада ойын көрсеткен жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: