Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF W15 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды, беп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстандық теннисші бірден екі титулды иеленді. Алдымен ресейлік Екатерина Яшинамен бірге финалда Неплий/Лоскутова дуэтін 5:7, 6:4 және 10:6 есебімен жеңсе, жекелей сында жергілікті теннисші Сонал Патилден басым түсті.
Айта кетері, 10-11 сәуір күндері Құламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін бұл сайыста Қазақстан құрамасы Канадаға қарсы ойнайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: