Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары14 тамыз 2024, 12:00

Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, биыл игерілмеген 90 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес енді жер телімінің 50 пайызы пайдаланылмаған жағдайда мемлекет меншігіне қайтарылады. Облыс аумағында пайдаланылмаған, мерзімі өткен бос жер телімдері ғарыштық мониторинг арқылы анықталады. Қазір мониторингтік топ мүшелері иелеріне мерзімі өткен бос жер телімдерін өз еркімен қайтару жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қолға алды. Соның нәтижесінде тұрғындар жер телімдерінің көп бөлігін өз еркімен қайтарды. Енді оларға қайтадан конкурс қатысып, жер телімін иелену мүмкіндігі беріледі», -дейді Әлібек Ермекқали.

Оның дерегіне сүйенсек, 2022-2023 жылдары 400 мың гектардан астам жер телімі қайтарылған. Оның ішінде былтыр 275 жер телімі мемлекет меншігіне өткізілген.

«Мемлекет меншігіне қайтарылған жер телімдері үшін қайтадан конкурс өткізіледі. Биыл жеті айда 87 жер учаскесі конукурс арқылы қайтадан жер пайдаланушыларға берілді», - деп мәлім етті Әлібек Ермекқали.

 

Атырау облысы мемлекетке қайтару Жер

Тақырыпқа жаңалықтар