Атырау облысында африкалық жайынның шабағы өсіріліп жатыр
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
Atıraw öñirlik kommwnïkacïyalar qızmeti
Қазақстан жаңалықтары30 қыркүйек 2024, 17:00

Атырау облысында африкалық жайынның шабағы өсіріліп жатыр

Атырау облысында африкалық жайынның шабағын өсіру қолға алынды. Маусым айынан бері су тоғанында 10 тонна балық өсірілген. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Бөлековтың айтуынша, мұндай көрсеткіш соңғы 30 жылда болмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Су тоғанында балық өсіретін шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, аудан орталығында балық өнімдерін сататын орын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір Атырау мен Астрахань облыстары арасында өзара меморандум жасалған. Өнімдер Астрахань қаласына кедергісіз өтеді», -дейді Қайрат Бөлеков.

Оның айтуына қарағанда, африкалық жайын шабағын «Абдулов.Б» шаруа қожалығы су тоғанында өсіруді қолға алған.

«Биыл маусымда Ақтау қаласынан 25 грамдық африкалық клариелік жайын шабақтарын әкеліп, екі тоғанға жібердік. Шабақтың салмағын 700-1200 грамға дейін жеткізіп, ағын су бойындағы торға салдық. Мұнда бірнеше күн сақтап, цехта қатырамыз. Балық торларының ені мен ұзындығы – 5 метр, тереңдігі – 2,5 метр. Алдағы уақытта 20 тонна балық шығаруды қолға аламыз», -дейді шаруа қожалығының жетекшісі Болат Абдулов.

Шаруаның мәліметіне сүйенсек, африкалық клариелік жайынның салмағы 3-тен 5 келіге дейін тартады. Дәмі тауық етіне ұқсайтын балықтың бұл түріне сұраныс көп.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында маусым айынан бері 89,4 млн балық шабағы құтқарылғанын хабарлаған едік.

Атырау облысы африкалық жайын

Тақырыпқа жаңалықтар