Самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын алды
Қытайдың Макао қаласында самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты аяқталды.Спортты амыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, екі күнге созылған бәсекеде ұлттық құрама ауыз толтырып айтар нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшылар 15 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Чемпиондар (спорттық самбо):
Нұрбол Серіков (79 кг),
Еламан Қойшыбаев (88 кг),
Болат Сапар (98 кг),
Айжан Жылқыбаева (50 кг),
Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг),
Маржан Бизақ (59 кг),
Асылжан Орынбасарова (65 кг),
Шынар Абатова (72 кг),
Мәдина Ержан (80 кг).
Жауынгерлік самбодан:
Мирас Уәлиев (58 кг),
Ниетхан Төлеухан (71 кг),
Бақытжан Дүйсембеков (79 кг),
Айнұр Ақжігітова (65 кг),
Ұлболсын Әділова (80 кг),
Анар Сейтімова (+80 кг).
Күміс жүлдегерлер (спорттық самбодан):
Армат Қабдолов (58 кг),
Есентай Имаханов (64 кг),
Темірлан Көлбай (+98 кг).
Жауынгерлік самбо:
Қыран Айтбек (88 кг),
Райхан Мәди (98 кг),
Талғат Жиентаев (+98 кг),
Аружан Кеңесары (72 кг).
Қола жүлдегерлер:
Арайлым Әбенова (+80 кг),
Маратбек Рахметоллин (64 кг),
Қымбат Ахмет (50 кг),
Құралай Қабрайқызы (54 кг).
Азия чемпионы атанған Нұрбол Серіков, сондай-ақ күміс жүлдегерлер Армат Қабдолов пен Темірлан Көлбай және үздік үштікке іліккен Қ.Қабрайқызы Батыс Қазақстан облысынан. 2018 жылғы әлем чемпионы Н.Серіковтің алғашқы бапкері Жеңіс Стамғазиев болса, А.Қабдоловты Мейірім Базаров баптады. Қазіргі кезде батысқазақстандық самбошыларды Райбек Меңдіғалиев бастаған мамандар жаттықтырып келеді.
Т.Көлбайдың бапкері Қасым Қаженовтің айтуынша, енді самбошылар әлем біріншілігіне дайындалады.
«Биылғы әлем чемпионаты 8-10 қарашада Астанада өтеді. Алдағы басты мақсат – жылдың басты додасына тыңғылықты әзірлену», - деді Қ.Қаженов.