Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланды
«Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтарған, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: