Германия ауғандықтарды Өзбекстан арқылы депортациялағысы келеді
Неміс Der Spiegel басылымының хабарлауынша, Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер Өзбекстан билігімен арнайы осы мақсатта келіссөздер жүргізіп жатыр және осы мақсатта мамыр айының соңында Ташкентке Ішкі істер министрлігінің делегациясы барған көрінеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Der Spiegel басылымының хабарлауынша, депортацияланатын ауғандықтар алдымен Ташкентке, одан жеке әуе компаниясымен Кабулға жөнелтіледі.
Өзбекстан басшылығы мұндай бастаманы қолдауға дайын екенін білдіргенімен, оның есесіне Өзбекстан азаматтарының Германияға көшуін жеңілдететін көші-қон келісімін жасауды талап етті деп жазады басылым.
Германияның Мангейм қаласында болған оқиғадан кейін Ауғанстан тумасы исламға қарсы шеру қатысушыларына пышақпен шабуыл жасап, полицейді өлтіргеннен кейін Германияда елде қылмыс жасаған мигранттарды депортациялау мүмкіндігі туралы кең пікірталас басталды.
Артынша канцлер Олаф Шольц қылмыскерлер Сириядан немесе Ауғанстаннан келген болса да депортациялануы керек деп мәлімдеді.