Новости: Кәсіпкерлер

Кәсіпкерлер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Кәсіпкерлер】 жаңалықтар Arbat media
Вчера, 13:23 / Новости Казахстана

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. 2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді. 

3 қазан 2024 / Новости Казахстана

Алматыда кәсіпкерлерге 5 млн теңге грант беріледі

Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға қатысты конкурс жарияланды. Өтінімдер 14-18 қазан аралығында қабылданады. Ұйымдастырушысы – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. Конкурсқа өтінімдер «Электрондық үкімет» веб порталында орналасқан, «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. 

16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында кәсіпкерлер грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсағаны анықталып отыр. Енді олар грант қаржысын бюджетке қайтарады. Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сүйенсек, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп. 

15 тамыз 2024 / Евразия

Қырғызстан кәсіпкерлерге электр энергиясының тарифін көтермек

Қырғызстан кәсіпкерлер үшін электр энергиясының тарифін көтермекҚазір олар үшін тариф 2,87 сом болса, оны 3,76 сомға дейін көтеру ұсынылып отыр.Қырғызстанның Энергетика министрлігі тұрмыстық емес абоненттер, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін электр энергиясының тарифтерін көтеру жобасын жалпы талқылауға ұсынды. Жоба авторлары жоспарлаған электр энергиясының құны бір киловатт-сағат үшін 3,76 сомға дейін өседі (салықсыз).Бұрын бұл топтағы абоненттер бір киловатт-сағат үшін 2,87 сом «бюджеттік» тариф төлеген. Дегенмен, өзгерістер ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлерге әсер етпейді. 

13 маусым 2024 / Новости Казахстана

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады. ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерден Құрбан айтта мал бағасын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға шақырды. 

5 маусым 2024 / Евразия

Өзбекстанда кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін комиссия құрылды

Өзбекстан билігі президент пен кәсіпкерлердің ашық диалогын ұйымдастыру үшін Республикалық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ түрлі өңірлердегі бизнес мәселелерін шешу үшін жұмыс топтарын құру жоспарлануда. Президент Шавкат Мирзиеев 30 мамырда тиісті жарлыққа қол қойды. 

16 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Кәсіпкерлер заңда жоқ алым-салықты төлеп келген

Павлодарлық кәсіпкерлер заңда жоқ алым-салықты төлеп келген. 167 кәсіпкер бюджетке 21 млн теңгенің алым-салығын артық төлеген. Жауапты департамент бұл санаттағы алымдар 2022 жылы алынып тасталғанын бизнес иелеріне дұрыс түсіндірмеген.