Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастыру керек - Президент
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау кедергілерді жою жұмыстарын жалғастырған жөн. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігер тараптардың қазіргі сын-қатерлерге бейімделіп, екі ел экономикаларының орнықты өсіміне берік негіз қалайтынын жеткізді.
«Көпқырлы ықпалдастығымыздың жоғары деңгейін сақтау қажет. Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін шекаралық рәсімдерді жеңілдету және сауда-логистикалық кедергілерді жою жұмыстарын жалғастырған жөн. Форум аясында қол қойылған келісімдер, сонымен қатар айтылған нақты бастамалар өңіраралық кооперацияның әлеуетін ашып қана қоймай, екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін», — деді Мемлекет басшысы.