Қырғызстан кәсіпкерлерге электр энергиясының тарифін көтермек
Қырғызстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Qırğızstan Énergetïka mïnïstrliginiñ baspasöz qızmeti
Еуразия15 тамыз 2024, 15:00

Қырғызстан кәсіпкерлерге электр энергиясының тарифін көтермек

Қырғызстан кәсіпкерлерге электр энергиясының тарифін көтермек. Қазір оларға тариф 2,87 сом болса, оны 3,76 сомға дейін көтеру ұсынылып отыр. ырғызстанның энергетика министрлігі тұрмыстық емес абоненттер, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге лектр энергиясының тарифтерін көтеру жобасын жалпы талқылауға ұсынды. Жоба авторлары жоспарлаған электр энергиясының құны бір киловатт-сағат үшін 3,76 сомға дейін өседі (салықсыз). Бұрын бұл топтағы абоненттер бір киловатт-сағат үшін 2,87 сом «бюджеттік» тариф төлеген. Дегенмен өзгерістер ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлерге әсер етпейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тарифтердің көтерілуінің негізгі себептері үкіметтің 2024 жылға 3,9 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын импорттау жоспарына байланысты.

Есептеулер бойынша энергетикалық компаниялардың жиынтық кірісі 32,5 млрд сом, ал шығыстары 40,6 млрд сом болуы керек.

Энергия жүйесіндегі күтілетін тапшылық 8,1 миллиард сомды құрайды.

Қырғызстан Кәсіпкерлер электр энергиясы тариф

Тақырыпқа жаңалықтар