Новости: кредит

кредит - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【кредит】 жаңалықтар Arbat media
10 мыңнан астам сарбазға кредит бойынша каникул берілді
1 қараша 2024 / Новости Казахстана

10 мыңнан астам сарбазға кредит бойынша каникул берілді

Қазір әскер қатарына келген сарбаздарға несиелерін өтеу кейінге шегеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті. «Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру іс-шараларын іске асыруға мүмкіндік берді. Оның бірі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиті бойынша каникул беруге қатысты. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылып, бірден Мемлекеттік кредиттік бюроға және Бірінші кредиттік бюро сервисіне беріледі. Осы ұйымдар несиесі бар сарбаздарды бірден анықтап, деректерді банктер мен шағын несие ұйымдарына жолдайды. Бұдан кейін қарызды кейін өтеу туралы шешім шығарылады», - деді Д. Ахмедиев. 

ЕО Украинаға 35 миллиард еуро көлемінде несие беруге келісті
10 қазан 2024 / Мир

ЕО Украинаға 35 миллиард еуро көлемінде несие беруге келісті

Еуроодақ елдері Украинаға 35 миллиард еуро көлемінде несие бөлу механизмін келісті, ол ресейлік тыйым салынған активтерден түсетін кіріс есебінен өтеледі. ЕО бұл қаражатты 2024 жылдан бастап Украинаға беруге ниетті. 

Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін
18 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін

Елімізде тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Аталған қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің 2 200 АЕК мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеуді ұсынып отыр. 2024 жылғы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі – 3 692 теңге. Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн 122,4 мың теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады. 

Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?
17 маусым 2024 / Новости Казахстана

Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?

Қазіргі таңда әлеуметтің әлеуеті көлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға жетпейді. Көпшілігі кредитке көлік алып, қарызын толығымен төлеп тастауға шамасы келмейді. Содан соң көліктің иесіне шұғыл ақша керек болып, темір тұлпарын сатуға тура келеді. 

Алимент және несие қарызы барларға құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі
27 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Алимент және несие қарызы барларға құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі

Қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ойын бизнесі туралы заң жобасын таныстыру кезінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.

Ендігәрі азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді
21 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Ендігәрі азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді

Енді азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз кредит берілмейді. Әңгіме 700 мыңнан басталатын несиелер жайында. Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелді азайту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Несие алмас бұрын нені білген жөн?
15 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Несие алмас бұрын нені білген жөн?

Несиені алмай тұрып жеті рет өлшеп, бір рет кесу туралы аз айтылған жоқ. Әрине, әңгіме тұтынушылық қарыз туралы болып отыр. Өйткені қазір екінші деңгейлі банктер ұсынатын өнімнің осы түрі тым қолжетімді болып кетті. Несие алушылар артып шыға келді. Төлей алмай жатқандар да жетерлік. Ел бойынша тұтынушылық берешектің көлемі рекордтық мәнге дейін көтерілді. Бұдан екі тарап – халық та, банк те зардап шегеді. Осы орайда кейбір кеңестерді қаперге алғанның зияны жоқ.

Диқандарға жеңілдетілген несие беріледі
20 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Диқандарға жеңілдетілген несие беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс, жиын-терім науқанына орай аграрларға берілетін несиені қаржыландыруды бастады. Бюджеттік кредит аясында 15 млрд теңге мөлшеріндегі несие берудің бірінші кезеңін «Аграрлық несие корпорация» АҚ жүзеге асырады.