Кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы қаулы жобасы әзірленді

Кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы қаулы жобасы әзірленді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтар кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруге мүмкіндік алмақ.

Мұндай клиенттер кірісі азайған жағдайда комиссия төлемей, кредитін кемінде үш айға кейінге қалдыра алады.

Ол үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулы жобасы 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

кредит Несие Қазақстан өңір

Тақырыпқа жаңалықтар