Қазақстан жаңалықтары21 наурыз 2024, 0:52

Ендігәрі азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді

Енді азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз кредит берілмейді. Әңгіме 700 мыңнан басталатын несиелер жайында. Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелді азайту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Бұдан былай ерлі-зайыптылардың біреуі несие рәсімдегісі келсе, жұбайының телефонына арнайы хабарлама келеді.

Егер ол келіссе ғана жолдасына кредит беріледі.

Мәжілісмен Берік Бейсенғалиевтың айтуынша, келісім беру үшін отбасы мүшесі банкке барып жүрмейді, тек хабарламаға жауап берсе болғаны.

Аталған заңда несие қамытын киген әртүрлі әлеуметтік топтағы азаматтардың құқығы да қарастырылған.

Мәселен, мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымы кезінде, яғни қыста үйінен қуып-шығуға тыйым салынады.

Сондай-ақ әскери қызметшілер мерзімді әскери борышын өтеп бітпейінше, қарыз төлемі кейінге қалдырылады.

Аз микроқаржыларға келісім алып керек жоқ. Келісімнің деңгейі арықты реттеу және дамыту агенттігінің норматив құжатымен белгіленеді. Аталмыш сомадан жоғары болғанда ғана келісім керек. Ал төмен сомаға келісім керек емес, дейді Мәжіліс депутаты  Берік Бейсенғалиев.

банк кредит рұқсат ерлі-зайыптылар

Тақырыпқа жаңалықтар