Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды
Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.
Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жекектерінде жарыс жолын аяқтаса, тек олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.
Ол кеше ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін сыйлаған еді.