Новости: Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалды - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Қайрат Сатыбалды】 жаңалықтар Arbat media
Келтірілген залал өтелді: Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкім өзгерді
16 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Келтірілген залал өтелді: Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкім өзгерді

Өскемен қалалық №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Сот үкімімен Сатыбалды сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру, ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

Қайрат Сатыбалды ісі: мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтері қайтарылды
12 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қайрат Сатыбалды ісі: мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтері қайтарылды

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған. Агенттік жариялаған мәліметтерге сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.Сатыбалдыұлына қатысты «Қазақтелеком» АҚ, «Көлік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату), сондай-ақ оның бақылауындағы компанияның кедендік баждарды төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеді.

Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпкер Абай Жүнісов Қайрат Сатыбалдымен байланысы туралы айтты
7 маусым 2024 / Новости Казахстана

Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпкер Абай Жүнісов Қайрат Сатыбалдымен байланысы туралы айтты

Алматыда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша өтіп жатқан сот барысында жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісов 2002 жылы айыпталушының бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалдымен қалай бірге жұмыс істегенін айтып берді. 

Қайрат Сатыбалдыұлына тағылған тағы бір айып бойынша сот қашан өтеді
20 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Қайрат Сатыбалдыұлына тағылған тағы бір айып бойынша сот қашан өтеді

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді. «Басты сот талқылауы 1 сәуірге тағайындалды» деп атап өтті Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.