Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы ғимараты 61 миллиард теңгеге сатылып жатыр

Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы ғимараты 61 миллиард теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Kaisar Plaza сауда орталығы заңсыз сатып алынғаны белгілі болды. Сондықтан 2023 жылы ол қаржы министрлігіне берілді. Енді оны мемлекеттік аукционда сату жоспарланып отыр.

Аукционға қатысу үшін кепілдік депозиті - 9,2 миллиард теңге. Сауда 7 сәуірде басталады.

Kaisar Plaza - тұрағы және панорамалық қабаты бар тоғыз қабатты сауда және кеңсе орталығы. Қазір ғимаратта елу үш ұйым орын жалға алады.

Қайрат Сатыбалды аукцион сатылды ғимарат

Тақырыпқа жаңалықтар