Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты
Атырау облысында Жайық өзені тағы көтерілді. Қазір Махамбет ауданында су айдынының деңгейі 8 метрден асты. Атырау облысының жедел штабы бүгін таңертеңгі сағат 08:00–ден бері Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media
Индер ауданында таңертеннен бергі 12 сағатта су деңгейі +19 сантиметрге көтерілген, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Кешкі сағат 20:00–де аудан орталығы — Индербор кентінде 769 сантиметрге жеткен.
Ал, Махамбет ауданында өзен арнасы +8 сантиметрге ұлғайған.
Кешкі сағат 20:00–де осы аудандағы Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің суы 8 метр 3 сантиметр болып тұр.
Жайық деңгейі Атырау қаласында да көтерілді.
Таңертеңгі деңгейден +7 сантиметрге көтеріліп, кешкі сағат 20:00–де 466 сантиметр болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: