Балқаштың су деңгейі Балтық жүйесімен 341 метрге жетті
Фото: astana.citypass.kz
astana.citypass.kz
Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2024, 9:34

Балқаштың су деңгейі Балтық жүйесімен 341 метрге жетті

Жыл басынан Балқашқа 13,5 текше шақырым су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті. Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі таратты. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Келісім жасаудағы басты мақсат — Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету.

«Біз жыл басынан бері Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28 отырыс өткіздік. Келіссөздер нәтижесінде биыл Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Балқаш су деңгейі 341 метр

Тақырыпқа жаңалықтар