3 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды
Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram арнаны бұғатталғаны туралы хабарлады. 2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.