Placeholder
Фото: Pixabay
Pixabay
Әлем8 қыркүйек 2024, 2:15

Telegram Оңтүстік Корея елінен кешірім сұрады

Telegram Оңтүстік Корея елінен порнографиялық материалдардың таралуына тосқауыл қоймағаны үшін кешірім сұрады. «Telegram Оңтүстік Кореядағы тергеу аясында өз платформасында порнографиялық материалдардың таралуын тоқтата алмағаны үшін кешірім сұрады. Бұл Оңтүстік Корея полициясы Telegram-ға шифрланған хабар алмасу платформасында жасанды интеллект арқылы жасалған жасөспірімдердің ашық суреттерімен қоса дипфейк деп аталатын порноның таралуына «көмектесті» деп тағылған айыппен байланысты», - делінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Оңтүстік Корея Telegram-ға қарсы тергеу жүргізіп жатқаны туралы хабарлаған едік, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Дипфейк-порно жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, адамдардың бет-әлпеті басқа порнографиялық суреттерге немесе бейнелерге цифрлық түрде орналастырылатын ашық мазмұнды қамтиды.

Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров кеше Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталды. Оның жанында құрбысы және оққағары болған.

Араға уақыт салып Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.

Айта кетсек, П. Дуровтың қамауға алынуы Telegram рейтингісін жақсартты.

Telegram Оңтүстік Корея Кешірім

Тақырыпқа жаңалықтар