25 шілде 2024
/ Мир
РФ армиясы Херсонды атқылады, бір әйел қаза тапты
24 шілдеге қараған түні Херсонның Днепр ауданындағы тұрғын үйге ресейлік армия оқ жаудырды. Херсон облыстық әскери басқармасының хабарлауынша, үй қирандыларының астынан құтқарушылар 1947 жылы туған әйелдің денесін тапты. Кейінірек шабуыл нәтижесінде 55 жастағы зардап шегуші ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Херсон тұрғынына жедел стресс реакциясы диагнозы қойылған.