Херсонда эвакуациялық пойызға соққы жасалды
Украина президенті Херсонда эвакуациялық пойызға соққы жасалғанын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Теміржол вокзалына ресейлік шабуыл жасалды. Эвакуациялық пойыз... Оқиға орнында көптеген бейбіт тұрғындар болды", - деді Владимир Зеленский.
Ішкі істер министрі Игорь Клименко эвакуация кезіндегі шабуылдан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам жараланғанын айтты.
Полиция лейтенанты да қаза тапты, деп нақтылады Клименко.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: