Ресей саясаткері украин қызын асырап алды
Сергей Миронов херсондық қызды асырап алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Әділ Ресей» ұйымының басшысы мен оның жұбайы Инна Варламова 2022 жылы Херсон балалар үйінен алынған 10 айлық Маргарита Прокопенконың аты мен туған жерін өзгертті, деп жазады "Важные истории".
Журналистер анықтағандай, 2022 жылдың тамыз айында Варламова мен Мироновтың Мемлекеттік думадағы бірінші орынбасары Яна Лантратова Херсон облыстық балалар ауруханасына барған. Онда Варламова бронхиттен емделіп жатқан Маргарита Прокопенкомен және тағы бір бала, екі жасар Илья Ващенкомен танысады.
Әйелдер екі баланы да «тексеру, одан әрі емдеу тактикасын анықтау және оңалту үшін» Мәскеуге алып кетті. 2022 жылдың қарашасында Мәскеу облысының Подольск қалалық соты Маргаританы асырап алу туралы ісін қарады.
Журналистердің қолындағы құжаттарда, сот шешімінен бір ай өткен соң, 2022 жылдың желтоқсанында Сергей Миронов пен Инна Варламова украин қызын асырап алып, оның жеке мәліметтерін өзгертті: оған Марина Сергеевна Миронова деген есім беріліп, туған жері Подольск деп көрсетілді.
Маргарита мен Ильяның жағдайымен таныс дереккөз журналистерге Маргаританың биологиялық анасы ата-ана құқығынан айырылғанын, ал әкесі қайтыс болғанын, бірақ оның басқа туыстары бар екенін айтты. Илья Ващенконың тағдыры мүлде белгісіз. Херсоннан Ресейге жіберілгеннен кейін бір жылдан кейін, 2023 жылдың қыркүйегінде оның жаңа туу туралы куәлігін алғанын білуге болады. Бұл құжаттан Ильяның Мәскеу облысында екені шығып тұр.