Ресей Херсонды азат етудің бір жылдығында орталықты атқылады
Ресей Федерациясы Херсон қаласын азат етудің бір жылдығында орталықты атқылады, деп жариялады жергілікті билік, - деп хабарлайды Arbat.media.
Херсон полиция басқармасының хабарлауынша, снарядтардың бірі қала орталығындағы көпқабатты үйге түскен.
Екі жергілікті тұрғын зардап шекті, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Херсон бұл күндері Ресей Федерациясының оккупациясынан азат етілгенінің мерейтойын тойлауда.
2022 жылдың 9 қарашасында Ресей қорғаныс министрлігі қаладан ресейлік әскерлердің шегінгені туралы хабарлаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: