Юлия Путинцева

Юлия Путинцева - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Юлия Путинцева】 жаңалықтар Arbat media
2 шілде 2024 / Sport

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді. Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5. 

10 мамыр 2024 / Sport

Юлия Путинцева Римде АҚШ чемпионын тізе бүктірді

Қазақстандық, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен бетпе-бет келді.

6 мамыр 2024 / Sport

Юлия Путинцева әлемдік рейтингте ТОП-40-қа жақындады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко және америкалық Кори Гауфтан кейін бұрынғысынша 4-орында келеді.