Австралиямен матчта Юлия Путинцева таразы басын теңестірді
Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Австралиямен матчта әлемнің 69-ракеткасы Юлия Путинцева таразы басын теңестірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Дүниежүзілік рейтингте 113-орында тұрған Кимберли Биррелмен бәсекеде Ю.Путинцева бірінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Биррел брейк жасап кетті – 5:4. Бірақ Юлия бұдан кейін қатарынан үш геймді өз есебіне жазды – 7:5.
Бір сағат 28 минутқа созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Осылайша, Қазақстан – Австралия матчында есеп теңесті – 1:1.
Енді матч тағдыры жұптық сындағы ойында шешіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: