Спорт8 сәуір 2024, 14:34

Юлия Путинцева әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) бүгін жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орында қалса, Юлия Путинцева 52-ден 50-ге көтерілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жібек Құламбаева 464-тен 483-ке құлдырады.

Көш басындағы үштікте өзгеріс жоқ – Ига Швентек 1-ракетка болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші сатыда.

Майами финалында Елена Рыбакинаны жеңген америкалық Даниэль Коллинз кеше Чарльстон WTA 500 турнирінде де чемпион атанып, 22-ден 7 сатыға жоғарылап, ТОП-15-ке кірді.

Жұптық сында Анна Данилина 51-ден 54-ке сырғыса, Жібек Құламбаева 143-тен 142-ге шықты. Ю.Путинцева – 364, Е.Рыбакина 547-орында қалды.

Осы аптада Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Жапонияда корт иелерімен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчын өткізеді. Оған Е.Рыбакинадан басқа Ю.Путинцева бастаған теннисшілер қатысады.

Юлия Путинцева елу теннисші Әлем үздік
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар