Новости: жасанды интеллект

жасанды интеллект - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жасанды интеллект】 жаңалықтар Arbat media
Саясат Нұрбек: Диссертация жазғанда, жасанды интеллект қолдануға рұқсат беріледі
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Саясат Нұрбек: Диссертация жазғанда, жасанды интеллект қолдануға рұқсат беріледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу тақырыбында біз қазір жоғары білім саласында өзіміздің заңнамалық ережелерімізді өзгертіп келе жатырмыз. Мысалы, енді диссертация жазғанда, магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат береміз. Тек бір шартпен – міндетті түрде «Бұл мәтін ЖИ көмегімен жасалған» деп көрсету керек. Сонда бағалаушы оқытушы студенттің ЖИ-ді қалай қолданғанын қарайды», - деді Ғылым министрі елордада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты Тамыз саммитінде. 

Өзбекстанда IT саласын дамытуға 21 трлн сумдан астам қаржы бөлінді
15 тамыз 2024 / Евразия

Өзбекстанда IT саласын дамытуға 21 трлн сумдан астам қаржы бөлінді

Өзбекстанда жыл басынан бері IT саласын дамытуға 21 триллион сумдан астам қаржы бөлінді. Республика билігі 2024 жылдың соңына дейін 43 триллион сумға жетуді жоспарлап отыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке республикада жасанды интеллект технологиялары мен IT саласындағы стартаптарды дамыту бойынша қандай шаралар қабылданатыны таныстырылды. Берілген деректерге қарағанда, 2024 жылдың тоғыз айында ақпараттық технологияны дамытуға 21 триллион сум бөлініп, жыл соңына дейін бұл соманы 43 триллион сумға жеткізу жоспарлануда.

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін
25 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады.

Еуропарламент жасанды интеллект туралы заңды мақұлдады
14 наурыз 2024 / Мир

Еуропарламент жасанды интеллект туралы заңды мақұлдады

Еуропарламент жасанды интеллект туралы заңды мақұлдады. Еуропалық Одақ жасанды интеллектті реттеу туралы әлемдегі алғашқы кешенді заңды қабылдағалы жатыр, тиісті резолюцияны еуропалық депутаттар мақұлдады.