15 миллион қазақстандықтың жеке деректері сатылып кеткен: Министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ми 15 миллион қазақстандықтың жеке дерегі даркнетте сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталмаған.
“Біз darknet-те сатылымға шығарылған файлдарға қол жеткіздік. Оларды талдау барысында бұл әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттердің жиынтығы екені анықталды. Және ЕGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі еместігі белгілі болды", - деп мәлімдеді министрлік.
Бұдан бөлек, министрлік eGov жүйелерінде паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ екенін ескертті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: