Қазақстан жаңалықтары25 сәуір 2024, 8:00

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Oxford Insights сарапшыларының атап өтуінше, интернет және цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда ЖИ-ды сәтті енгізудің негізгі факторларына айналуы мүмкін. Дегенмен, бірқатар кедергілер бар, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

  • заманауи инфрақұрылымның және ЖИ үшін жеткілікті есептеу қуатының болмауы;
  • ЖИ өнімдерінің техникалық қауіпсіздік стандарттарының болмауы, бұл сараптама жүргізуде қиындықтар туғызады;
  • деректерге қол жеткізудің қиындатылуы;
  • интернет сапасының төмен болуы;*
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытудың белсенді ұлттық институтының болмауы;
  • әлеуетті клиенттер арасында ЖИ өнімдеріне төмен сұраныс және технологияға сақтықпен қарау.

Сарапшылар сондай-ақ технологиялардан тым көп нәрсе күтілетінін, бұл болашақта қаржыландырудың қысқаруына және инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

 

Қазақстан жасанды интеллект ЖИ Интернет

Тақырыпқа жаңалықтар