Жетісу облысында Латвия азаматтары тауға саяхатқа шығып, адасып кетті
Фото: Polisia.kz
Polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары30 қыркүйек 2024, 11:00

Жетісу облысында Латвия азаматтары тауға саяхатқа шығып, адасып кетті

Ақтау тауында төтенше оқиға болды. Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасып, топпен байланысын жоғалтып алған. Салдарынан ауқымды құтқару операциясы орындалды. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанға туристік фирма арқылы келген туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар бағыт-бағдар мен байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа райының бұзылуы мен қараңғы түсуі жағдайды қиындатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жоғалғандарды іздеуге Кербұлақ аудандық полициясы, ТЖД, еріктілер мен орманшылар жұмылдырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Операцияға тікұшақтар мен дрондар тартылып, таулы жерді әуеден мұқият зерттеуге мүмкіндік берді.

Үмітін үзген туристер күтпеген жерден тікұшақтың дауысын естіп, белгі бере бастады. Көп ұзамай учаскелік полиция инспекторлары оларды анықтаған. Қажетті көмек көрсеткен құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге шығарып салды.

Жетісу облысы Латвия азаматтары адасып кеткен тау

Тақырыпқа жаңалықтар