Жетісу облысында әйел су құбырының қазылған орнына құлап кетті
Videoskrin
Videoskrin

Жетісу облысында әйел су құбырының қазылған орнына құлап кетті

Кербұлақ ауданында әйел адам терең шұңқырға түсіп кеткен. Қараңғыда болған жазатайым оқиғаға қатысты аудандық әкімдік жауап берді. Оқыс оқиға Сарыөзек ауылында болған. Аманжолов көшесінде жарылған су құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқырға түнгі уақытта әйел адам түсіп кеткен. Әлеуметтік желіге жарияланған жазбаға Кербұлақ ауданы әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от САРЫОЗЕК ИНСТА КЕРБУЛАК (@saryozek_insta)

— Аманжолов көшесінде 20 қарашадан бастап «Күреңбел су» МКК жарылған су құбырын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін жөндеу жұмысына қажетті материалдардың уақытылы жеткізілмеу себебінен мекеме қызметкерлері қазылған көше бойын қызыл және ақ жолақты тосқауыл таспасымен қоршап қойған. Алайда Instagram әлеуметтік желісінде керсетілген азаматша мас күйінде тосқауылды бұза отырып, қазылған жерге құлап кеткен. Бұл жағдайға байланысты «Күреңбел су» мекемесінің директоры оқиға орнына жедел барып, азаматшаға алғашқы көмек көрсетіп, тұрғылықты мекенжайына жеткізді, — делінген әкімдік парақшасында.

Жетісу облысы Кербұлақ Әйел құдық

Тақырыпқа жаңалықтар