15 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді
Жұмыссыз қалған азаматтар жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 46 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады.