Германия жұмыстан бас тартқандарға жәрдемақы төлемеуді жоспарлап отыр
Германия үкіметі жұмыс істеуден бас тартқандарға жәрдемақы төлемеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік төлемдердің көтерілуіне санаулы күндер қалғанда (1 қаңтардан бастап 12%-ға өседі) Германияның еңбек министрі Хубертус Хайль күтпеген жерден жұмыс істеуден бас тартқандардың жәрдемақысы толығымен жойылатынын мәлімдеді.
Кем дегенде екі айға дейін.
Бұл жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруда жүрген адамдар үшін мемлекет тек тұрмыстық шығын мен коммуналдық төлемді өтейді.
Екі айдан кейін жұмыспен қамту орталығы жағдайды қайта қарап, жәрдемақы алушыға жаңа жұмыс ұсынуы керек.
Бас тартылған жағдайда санкция қайтадан қолданылуы мүмкін.
Тиісті заң жобасын Хайльдың жетекшілігімен еңбек министрлігі дайындады.
Оны қазір үкімет реттеп жатыр және жақын арада Бундестагқа жолданады.
Сірә, жаңашылдық келесі жылдың басында күшіне енеді.
«Егер жоба жылдам жүзеге асатын болса, біз еңбек нарығындағы алғашқы оң нәтижесін 2024 жылдың көктемінде көре аламыз. Егер заң шынымен тиімді болса, жылына жарты миллиард еуроны үнемдеуге болатыны сөзсіз», - дейді еңбек нарығы бойынша сарапшы Фридрих Шнайдер.
Германияда барлығы төрт миллионға жуық еңбекке қабілетті адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады.