Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 16:52

Табысы жоқ жастарға несие бермеу қарастырылып жатыр

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жастарға несие беруде шектеу енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Агенттік несие бойынша 90 күннен астам мерзімде өтемеген адамдарға кепілсіз тұтыну несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі.

Қазір мұндай шектеу табысы ең төменгі жалақыдан аз қарыз алушыларға ғана қатысты. Жастар арасында проблемалы қарыздың өсуін ескере отырып, 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру тек ресми табысы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады деген талапты енгізу ұсынылып отыр.

 

несие бермеу Жұмыссыздар табысы жоқ Жастар

Тақырыпқа жаңалықтар