Қазақстан жаңалықтары9 шілде 2024, 10:10

10 шілдеде мұғалімдер аттестациясы басталады

Ұлттық тестілеу орталығы педагогтердің білімін бағалайтын тест қашан өтетінін хабарлады. 2024 жылғы 9-12 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылданады. ПББ-ның өзі 10 шілде-13 тамыз аралығында өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санатын өсіретін және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады.

Білім мекемесінің педагогтері ПББ-ға 12 айда екі рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.

Толығырақ testcenter.kz сайтының «Педагогтерге» бөлімінде таныса аласыздар.

Ұлттық тестілеу орталығы Мұғалім аттестация

Тақырыпқа жаңалықтар