Placeholder
Фото: видеодан скрин
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2024, 13:00

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланың денесі табылды

7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярды іздеушілер арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен тапқан. 18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен қамқоршыларға мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды, - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көксу бекетінде жоғалған баланың табылмай жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ талдықорғандық студенттің жұмбақ өлімінің сыры 7 ай өтсе де әлі ашылмағанын жазған едік.

Жетісу облысы жоғалған бала денесі табылды 3 жасар

Тақырыпқа жаңалықтар