Қазақстан жаңалықтары13 желтоқсан 2023, 0:10

10 жасар қызға интимдік сипатта хат жазған жігіт ұсталды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. 

Анасы полицияға өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген шағым жасаған. 

Анасы ол адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.

- Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген баспасөз мәліметінде.

Маңғыстау Мұнайлы педофил қызға хат

Тақырыпқа жаңалықтар