Қазақстан жаңалықтары28 желтоқсан 2023, 14:00

20 млн гектар жайылым мемлекетке қайтарылады

20 млн гектар жайылым мемлекетке қайтарылады. Мәжілістің отырысында  жайылымдарды пайдалану  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түзетулерде жайылымға қажетті ауылшаруашылық жануарларының санын жүктеме нормасын 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту арқылы жер пайдаланбау фактілерінің критерийін қатайту көзделген.

Жайылымдық жерлердің 20 млн гектарға  жуығы мемлекетке  қайтарылуға тиіс. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтері бойынша, 2 млн гектардан астам жайылым жеке және заңды тұлғаларға конкурссыз берілген.

Енді жайылымдарды конкурсыз беру нормасы алынып тасталады және мал жаю үшін 5 жылға дейінгі мерзімге жерлерді тікелей беруге рұқсат етіледі.

Елдімекеннің айналасындағы ауыл тұрғындарының малын жаюға арналған жерлердің мәртебесін нығайту үшін «көпшілік пайдаланатын жайылымдар» жеке ұғымы енгізілді.

Мәжіліс жайылым Жер қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар