Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 15:51

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасады деп хабарлайды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі. Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Айбоз ұлттық әдеби сыйлық өтінім

Тақырыпқа жаңалықтар