Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2023, 21:21

Әйел жүк көлігінің астына еркекті итеріп өлтірді

Алматы-Бішкек тасжолында әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Казахстанский шоу-бизнес тут (@lavina.kz)

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 қазан күні болған

«Қарасай аудандық полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабар түсті. Тексеру кезінде әлдебір әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптама  тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті департаменттен.

Алматы-Бішкек Әйел еркекті өлтірді жүк көлігі

Тақырыпқа жаңалықтар