Placeholder Аймақтарда қысқы дөңгелек ауыстыру қанша тұрады
Коллаж: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2024, 11:00

Аймақтарда қысқы дөңгелек ауыстыру қанша тұрады

Солтүстік өңірлерінде көлік жүргізушілері қыс мезгіліне сай доңғалағын ауыстыруды бастап кетті. Шинамонтаж қызметі қанша тұрады? Мамандар қазірден-ақ көліктің дөңгелегін ауыстырып, қысқа дайын болған жөн деп отыр. Бұл тек ақшаны емес, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жазғы және қысқы дөңгелектің айырмашылығы — оның химиялық құрамы ыстық және суық ауа температурасына лайықталып жасалғанында. Жазғы дөңгелек қатты, нығыз болады. Шіліңгір ыстықта асфальтта формасын жоғалтпайды. Тежегішті шұғыл басқан сәтте сол қасиетінің арқасында балқып кетпейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ал қысқы доңғалақтар үскірік аяздарда қатып қалмай, өзінің жұмсақ күйін ұстап тұра алады. Бұл өз кезегінде тежегішті басқанда, доңғалақтың тайып, жол үстімен сырғи бермей, жылдамдықты тез бәсеңдетуге мүмкіндік береді.

Айтып өтейік, ҚР заңнамасында 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік иелері қысқы мезгілге арналған дөңгелекті пайдалануы керек деп көрсетілген. Егер талапты ескермесе, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590 бабы 5 бөлігінде көрсетілген 5 АЕК (18460 тг) көлемінде айыппұл төлейді.

Өңірлерде дөңгелек ауыстыру қызметінің құны белгілі болды.

Инфографика: Kazinform

қысқы дөңгелек аймақтар Баға шиномонтаж

Тақырыпқа жаңалықтар