Қазақстан жаңалықтары28 мамыр 2024, 14:23

Алаяқтар Қонаев қаласы әкімінің атынан хабарламалар таратқан

WhatsApp мессенджерінде Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан алаяқтардан ақпарат таралып жатыр. Әкімдік азаматтарды қырағы болуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз! Сақ болыңыздар!», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ елде алаяқтар сот орындаушысы ретінде көрініп, азаматтардан қарызды қайтаруды талап ететін алаяқтық фактілері, ҰҚК қызметкерлерінің атын жамылған телефон алаяқтарымен байланысты оқиғалар жиілеп кетті.

 

Алаяқтар Қонаев қаласы хабарламалар

Тақырыпқа жаңалықтар