Placeholder Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті
Фото: gov.kz
gov.kz

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.

Саян Бакиров Ескендір Бекманов қызметтен кетті Алматы облысы прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар