Placeholder Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды
ФОТО: respublika.kz.media
respublika.kz.media

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Талғарлық 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды. «17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еске салсақ. 4 қазанда Талғарда төбелестен 16 жастағы Шерзат Болат қайтыс болған.

Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты. Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді. Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді. 12 қазан түнде аталмыш отбасының үйі өртеніп, Алматы облысының ПД бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. Ал Бас прокуратура қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды. Кейін ІІМ  бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын айтып,  қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды. 15 қазан күні Талғар әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін қызметтен босатылды. Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды. АлТалғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев сөгіс алды. Ішкі істер министрлігінің өкілдері БАҚ қызметкерлеріне Шерзат Болат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті. Прокуратура соттың ашық өтуін сұрайтынын жеткізді.

Шерзат Болат өлім Күдікті Талғар

Тақырыпқа жаңалықтар