Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2024, 20:16

Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды

Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Алматы облысының әкімдігі қазір жағдай тұрақты екенін хабарлады. Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«Қазіргі уақытта жақын елді мекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен және ары қарай тоғандармен кетеді. Онда транзиттік режимде суды ағызу үшін барлық шлюздер ашық тұр. Қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіге шықты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ИНФОРМАЦИОННО - РЕКЛАМНЫЙ БЛОГ (@almaty_vestnik)

Алматы облысы Апат Ворошилов су қоймасы Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар