Сайлау кезінде бюллетень суретін жариялаған 7 адам жауапқа тартылды

Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бас прокуратураның бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның айтуынша, дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан құқықбұзушылықтар тіркелмеген.

«Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды», - деді ол.

сайлау Дауыс беру комиссия Тәртіп

Тақырыпқа жаңалықтар