ШҚО-да жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 24 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 19:31-де «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» сейсмикалық станциялар желісі жер асты дүмпуін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпуі Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен-Нарын ауылында шамамен 2 балл деңгейінде сезілген.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінен зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Жер сілкінісі Дүмпу Шығыс Қазақстан сейсмологиялық зерттеу

Тақырыпқа жаңалықтар