Placeholder
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ
Almatı ÖKK
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 11:00

Алматы оныншы рет «Kitap Fest» фестивалі өтеді

Алматыда мерейтойлық «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді. Іс-шараны 10-рет Алматы қаласы Мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырмақ. Фестиваль 14-15 қыркүйек күндері Алматының Арбат алаңында 10:00-18:00 аралығында өтеді. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба аясында фестивальге 70-тен астам баспа мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл фестивальге «Келешек кітабы» тақырыбы қойылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Мәдени іс-шараға келушілер үшін алаң бірнеше аймаққа бөлінеді: «Жазушылар шатыры», «Қазақ қаламгерлері», «ZHAS ALASH» шатыры, «Kitap FEST WOMEN» шатыры және кітап жәрмеңкесі, иллюстраторлар көрмесі, «оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі, елшіліктер көрмесі, сондай-ақ «кітап алмасу» аймағы. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары арасында 1 миллион теңгеге 100-ден астам кітап сертификаттары ойнатылады.

 

Kitap Fest Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар