Placeholder
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары24 тамыз 2024, 12:00

Алматыда 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады

Жаңа оқу жылында Алматының 133 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, оқушылардың тамағына жергілікті бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінді. «Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін тамақтану тегін болады, бұл жерде 1-11 сынып оқушылары қамтылады», - деді Әсем Нүсіпова, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол сондай-ақ тамақтану құны 840 теңге екенін атап өтті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Дұрыс теңдестірілген тамақтану – біздің балаларымыздың денсаулығы мен табысының кепілі», - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, мегаполисте 2022 жылдан бері әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

 

Алматы Мектеп Тамақтану Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар